Пациенттердің құқықтары

      1) диагностика, емдеу және күтім процесінде лайықты қарау, өзінің мәдени және жеке құндылықтарына құрметпен қарау;

               2) қандай да бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз тек медициналық өлшемдер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек;

                3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдау, ауыстыру;

            4) отбасы, туыстары мен достары, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметкерлері тарапынан қолдау көрсету;

             5) медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі мүмкіндік беретін шамада азап шегуді жеңілдету;

             6) өз денсаулығының жай-күйі туралы тәуелсіз пікір алу және консилиум өткізу;

             7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар.

  1. Пациент өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны туралы, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі туралы ақпарат алуға құқылы. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орындарында орналастырылуы тиіс.

      Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке оған медициналық қызмет көрсететін адамдардың аты-жөні және кәсіби мәртебесі туралы, сондай-ақ медициналық ұйымның ішкі тәртіп ережелері туралы мәліметтер ұсынылуы тиіс.

  1. Медициналық көмек пациенттің ақпараттандырылған ауызша немесе жазбаша ерікті келісімін алғаннан кейін берілуі тиіс.

  2. Медициналық көмек алу кезінде пациент ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал тәуекелі мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді, диагнозы, пациент үшін қолжетімді нысандағы емдеу іс-шараларының болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпаратқа, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептерін түсіндіруге құқылы.

  3. Пациент денсаулық жағдайы туралы ақпаратты хабарлауы тиіс адамды тағайындай алады. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресімделеді және медициналық құжаттамаға енгізіледі.

  4. Ақпарат пациенттен медициналық ақпаратты беру тек пайда әкелмейді, бірақ пациентке елеулі зиян келтіреді деп пайымдауға дәлелді негіз болған жағдайларда ғана жасырылуы мүмкін. Бұл жағдайда бұл ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады.

  5. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердің оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдеу-диагностикалық емшараларды жүргізу кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы бар.

  6. Пациенттердің құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

       Медициналық көмек алу кезінде пациент тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқылы

        Некеге тұратын азаматтардың медициналық және медициналық-генетикалық тексерілуге құқығы бар.

 

 

Пациенттердің міндеттері

Пациент міндетті:

  1. өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдау;

  2. медициналық қызметкерлермен қарым-қатынаста құрмет көрсету;

  3. диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты дәрігерге хабарлау, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын бұлжытпай орындау;

  4. ішкі тәртіп ережелерін сақтау және медициналық ұйымның мүлкіне ұқыпты қарау, медициналық көмек алу кезінде медицина қызметкерлерімен ынтымақтасу;

  5. диагностика және емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік туындаған жағдайларда өз денсаулығы жай-күйінің өзгеруі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар ету;

  6. басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамау;

  7.  Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

1-59

1-59

deti_v_detskom_sadu_1250_5851

deti_v_detskom_sadu_1250_5851

MyCollages

MyCollages

aaa7

aaa7

deti_v_detskom_sadu_1250_5851

deti_v_detskom_sadu_1250_5851

004a

004a

477

477

1-59

1-59

1p_pPybffEY

1p_pPybffEY

aaa1

aaa1

aaa3

aaa3

aaa4

aaa4

aaa2

aaa2

​© 2019  "Қостанай қаласының №2 емханасы" КМК

ШУМЕНБАЕВ

САМАТ КАНАПЬЯНОВИЧ

Емделушілерге қолдау көрсету

Служба поддержки пациента

50-37-95

Сенім телефоны

Телефон доверия

unnamed_edited.png
Полезные ресурсы
gov.ru.jpg